“Менің әсем гүлдерім” » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Менің әсем гүлдерім”
20
июнь
2023

“Менің әсем гүлдерім”

Жаз - бұл күн сәулесі түсіп, гүлдер гүлдейтін ең әдемі жыл мезгілдерінің бірі. №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп – лицейінің жанынан құрылған «Айгөлек» жазғы күндізгі тынығу лагерінде топтар арасында “Менің әсем гүлдерім” тақырыбында асфальтта сурет салу байқауы өткізілді. 
Асфальтқа сурет салу – бұл тек қана көңілді серуендеу ғана емес, сондай-ақ, балалар шығармашылығын шыңдау болып табылады. Яғни, қалам, қарындашпен қағазға сурет салудан гөрі балаға қызығырақ және өзгеше болады. Асфальтта сурет қалай шығатыны емес, балаларға үлкен қуаныш сыйлайтыны маңыздырақ.
Барлық байқауға қатысушыларға түрлі-түсті бор үлестіріліп берілді. Белгі берілген кезде барлық балалар бірден үлкен шабытпен асфальтқа сурет сала бастады. Байқау соңында суреттердің ішінен талапқа сай, түстері қанық, үйлесімді, композициялық құрылымына қарай жұмыстар бағаланды. 
Барлық топтар алғыс хатпен марапатталды.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив