«Үздік бастауыш сыныптағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі - 2022» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Үздік бастауыш сыныптағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі - 2022» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді
14
декабрь
2022

«Үздік бастауыш сыныптағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі - 2022» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді

«Үздік бастауыш сыныптағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі - 2022» облыстық байқауының  аудандық кезеңі өткізілді
2022 жылдың 14 желтоқсан күні №36 мектеп-лицей базасында аудандық       бастауыш сынып мұғалімдерінің озық тәжірибелерін анықтау, насихаттау және тарату, бастауыш сынып мұғалімдерінің қазақ тілі  пәнін оқытудағы шеберлігін, құзыреттілігін дамыту, оқушылардың фунционалды сауаттылығын арттыру, оқыту процесінде заманауи әдістерді қолдану мақсатында  «Үздік бастауыш сыныптағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі - 2022» облыстық байқауының аудандық іріктеу кезеңі ұйымдастырылды.  Байқауға аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатыстырылды.
Байқаудың өту тәртібі төрт кезеңнен өтті.
І кезең: «Мен – қазіргі заманның мұғалімімін» тақырыбында эссе  
ІІ кезең: «Бір бөлімнен – бір сабақ» тақырыбында сабақ ұсыну
ІІІ кезең: «Менің шығармашылық шеберханам»
ІV кезең: «Сөз құдыреті» мәнерлеп оқу
Байқау барысында әділ-қазылар алқасы 3 кезең бойынша жұмыстарын тыңдап, бағаларын беріп және жеңімпаздарды  анықтады. Сонымен қатар мұғалімдерімізге білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің арнайы дипломдарымен, алғыс хаттарымен , сыйлықтарымен марапатталды.   
Байқау нәтижесінде  «Үздік бастауыш сыныптағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі - 2022»  аудандық кезеңнің жеңімпазы   №36 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі  Құрақбаева Айгерімге облыстық кезеңге жолдама алуымен құттықтап, сәттілік тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив