“Кітап әлемі - ғажап әлем” » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Кітап әлемі - ғажап әлем”
19
июнь
2023

“Кітап әлемі - ғажап әлем”

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнін өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 24 сәуір күні №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде “Кітап әлемі - ғажап әлем” атты білім сайысы өтті. Осы мереке арқылы баршаны, әсіресе, жастарды кітап оқудан ләззат алуға, адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан адамдардың еңбегін құрметтеуге шақыру мақсатында өткізілген бұл шараға 8 “Г” сынып оқушылары топқа бөлініп қатысты. Білім сайысында «Алғырлар», «Тапқырлар» топтары «Кітап - алтын қазына» кезеңінде сұрақтарға ұшқыр жауап беріп, «Мақал-сөздің мәйегі» кезеңінде мақалдардың жалғасын айтып нақышына келтірді, «Біз кітаптан нені үйренеміз?» кезеңінде кітаптың авторын таба отырып, әр шығарманың авторына, мазмұнына тоқталып отырды. Іс-шараны ұйымдастырушы мектеп кітапханашылары З.Үйсінбаева, Л.Ниязбекова жеңімпаз топты анықтап, қатысушыларға жылы лебіздерін айтып, алғыс хаттармен марапаттады.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив