04
ноябрь
2022
Оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымастыру📚
Ү.ж. 3 қараша күні мектебімізде оқушылардың күзгі каникул күндерін тиімді пайдалану мақсатында 2 сынып оқушылары арасында Ы.Алтынсариннің "Кел, балалар, оқылық!" өлеңін мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыс мақсаты: оқушылар қазақ халқының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларға сайыс жүргізе отырып дүниетанымын кеңейту, есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара тартысты әрі қызықты өтіп, үздік оқушылар жүлделі орындар иеленді.
Әділ қазылар шешімімен сайыс жеңімпазы 2 "в" сынып оқушысы Кенжебекқызы Раяна. Сынып жетекшісі Михайлова И. В.
Мұрат Айару- 2 орын, жетекшісі Назар Лаура.
Байназар Айзере -3 орын, жетекшісі Мясцова Е. А.
Құттықтаймыз!!!
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1489433851561669/1513417022464347

