23
октябрь
2022
"Туған жерім менің - Қазақстаным" тақырыбында интеллектуалдық сайыс.
Ү.ж. 22 қазан күні мектеп-лицейімізде Республика күніне арналған "Қыран елім - Қазақстаным" апталығы жоспарына сәйкес, мектеп-лицей тәлімгері А.Сағатованың ұйымдастыруымен 7-сынып оқушылары арасында "Туған жерім менің - Қазақстаным" тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыс төрт кезеңнен тұрды:
"брейн ринг",
"салт-дәстүр - қазына",
"мақалды жалғастыр",
"ұтқыр болсаң, тауып көр".
Өте тартысты өткен сайыста 7 "а" сынып оқушыларынан құрылған ""Жас Алаш" тобы жеңіске жетіп, жеңіс кубогін алды.
7 "ә" сыныбы оқушыларынан құралған "Болашақ" командасы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сайысқа белсене араласқан Нұрмахан Ақжан "Үздік оқушы", Жаңабай Інжу "Зияткер оқушы", Мұратқызы Шұғыла "Ең тапқыр оқушы" номинацияларын иеленді.


