Ахмет Байтұрсынұлы − сан қырлы тұлға ғана емес, ғажайып энциклопедиялық білім иесі. Ахмет Байтұрсынұлының ұлт үшін жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Ол – ұлы ағартушы, ұлт ұстазы, әдебиеттану ғылымы мен қазақ тілін оқыту әдістемесінің және қазақ баспасөзінің негізін қалаушы. Ақын, аудармашы, мемлекет және қоғам қайраткері...
Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы ретінде жақсы біледі.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай мектеп-лицей оқушыларының челленджін назарларыңызға ұсынамыз.