1 сәуірден бастап балаларды 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау жүргізіліп жатқаны белгілі.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдаудың аяқталуына да санаулы күндер қалды.

Яғни, 31 шілде- құжат тапсырудың соңғы күні.
Сол себепті асығуларыңызды сұраймыз!!!

1 сыныпқа құжаттарды электронды түрде, eGOV.kz порталы арқылы тапсыруға болады.
1- сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады.
Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

Қандай құжаттар қажет?

Ата-ананың өтініші (электронды түрде беріледі)

Туу туралы куәлік (электронды түрде беріледі)

Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
Егу паспорты (065/у нысаны)

Баланың фотосуреті (3*4 өлшемді)

Қосымша сұрақтарыңыз болса, 21-7-49 және 87089489028 нөміріне хабарласуларыңызға болады