ХАБАРЛАНДЫРУ!!! АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА! » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
отдела образования Кербулакского района
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Версия для
слабовидящих
» » ХАБАРЛАНДЫРУ!!! АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА!
29
март
2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА!

1 сәуірден бастап №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейіне бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдау басталады. Құжат қабылдау https://egov.kz/ электронды порталы арқылы жүреді.
Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
9-3. Портал арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.
9-4. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымына қабылданатыны туралы хабарлама не болмаса дәлелді бас тарту келеді.

2018 жылғы 12 қазандағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес 1-сыныпқа оқуға қабылдау 1 сәуірден бастап басталатынын хабарлаймыз.
✅ Құжаттар " Электронды үкімет" веб-порталы арқылы жүргізіледі.
✅ Құжаттар тізбесі;
✅1. Ата - анасының немесе заңды өкілінің өтініші
✅2. Баланың туу туралы куәлігі
✅3. Баланың 3*4 суреті (2 дана)
✅4. Денсаулық жағдайы туралы анықтамалар ( 063/у, 026/у, 079/у)
Мекен - жайымыз:
Сырдария ауданы Тереңөзек кенті
Амангелді улица 1
Контакты телефоны 8 (72436) 21749
N 36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейі



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив