5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛАДЫ. » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
отдела образования Кербулакского района
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Версия для
слабовидящих
» » 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛАДЫ.
18
февраль
2022

5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛАДЫ.

 Ауыл мектептері оқушылары арасында өтетін «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысуға өтінім қабылдау басталады. 
 Тіркеу 19 ақпаннан 20 наурызға дейін 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүргізіледі.
 «Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. 
 Бірінші кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды. Тестілеу онлайн форматта өтеді
 Екінші кезеңде қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілінде білім алатын оқушылар қазақ тілі, орыс тілінде білім алатын оқушылар орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімді бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді. 
 Екінші кезең өңірлік тестілеу орталықтары базасында ұйымдастырылады. 
 Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: «Білім-Инновация» лицейлерінде, Республикалық физика-математика мектептерінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады. 
 Олимпиада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Еl Úmiti - талантты жастарды анықтау және қолдау бастамасы аясында өткізіледі. 
 Олимпиаданы Елбасы Академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив