02
декабрь
2021
АУДАНЫМЫЗДЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «ҮЗДІК КОМАНДА» НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНДІ
2021 жылдың 18-23 қараша күндері дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты базасында «Сыр Дарыны» білімділер академиясының оқыту курстары өткізілді. Академияның мақсаты: жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық/аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарға мектеп оқушыларының белсенді қатысуын арттыру, жоғары нәтиже көрсетуге жұмыс жасау , білімін шыңдау және оларға қолдау көрсету.
«Сыр Дарыны» білімділер академиясының ІІ кезеңінде «Edlight academy» қорының Халықаралық, Республикалық дәрежедегі тәжірибелі тренерлері қазақ және орыс тілдерінде дәріс жүргізді. Академияның оқыту курсының қорытындысы бойынша биология пәнінен І орынды №42 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Шәкірбекова Пәкизат, ІІІ орынды №36 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Рүстем Әбілмансұр иеленді. Сонымен қатар оқыту курсында ауданымыздың оқушылары үздік нәтиже көрсеткендері үшін І дәрежелі диплом иеленіп, «ҮЗДІК КОМАНДА» номинациясымен марапатталды.


