29
ноябрь
2022
♻️ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ
Ү.ж. қараша айының 29 күні құқық бұзушылық және қылмыс, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында 8 - 11 сынып оқушыларына арналған ақпараттық-танымдық бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмысының барысында Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Ұзақбаев Дәуірбек Бауырбекұлы, аудандық полиция бөлімі пробация қызметінің инспекторы Санжаров Ермек Серікұлы, Сырдария АПБ-ң ЖПҚб-ң ЮПТ-ң ҚТІЖ-дегі УПИ-ры полиция лейтенанты Созақбаев Ақдәулет Бердібекұлы, полиция аға лейтенанты Көштаева Айгерім Жеңісбекқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Әбілдаев Ерлан Бақытжанұлы ҚР Администрация құқық бұзушылық туралы кодексінің 442, 127, 132, 200, 434, 435, 437 баптарын толықтай түсіндіріп өтті. ҚР Қылмыстық кодексінің 190,191,188,187,293,124 баптары бойынша жасөспірімдер арасында қылмыстың, нашақорлықтың алдын алу, кибербуллингтің зияндылығын ұғындыру, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу, топтық төбелесті болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстарын жасады.
Баланың заңды өкілі ата-ана болғандықтан, оның заңға қайшы әрбір әрекетіне ата-ана жауапты екендігін ескертті.



