23
ноябрь
2022
құқық бұзушылықтың алдын алуға және болдырмауға бағытталған шаралар
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және болдырмауға бағытталған шаралар, құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің нығая түсуіне ықпалын тигізеді.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі, зорлық-зомбылық бағытында ақпараттық танымдық біліммен қамтамасыз ету мақсатында Сырдария АПб жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты Созақбаев Ақдәулет оқушылармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


