БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ!!! » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
отдела образования Кербулакского района
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Версия для
слабовидящих
» » БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ!!!
13
сентябрь
2022

БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ!!!

Болашақ жас көшбасшыларға шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ғылым, технология, инженерлік және математика арқылы маңызды мәселелерді жаңаша шешуге көмектесетін  SAMSUNG  бастамасымен орта және жоғары сынып оқушылары арасындағы әлеуметтік жобалардың республикалық конкурсына мектеп-лицейіміздің оқушылары  11"Б" сынып оқушылары ӘЗІРБЕК НАЗЕРКЕ, ӘБУТӘЛІП ЖАНБОТА, ШӘКІРАТОВА АРУЖАН, ЖҰМАБЕКОВА ЖАНШУАҚ информатика пәні мұғалімі Айгүл Маратбекқызының жетекшілігімен қатысуда. 
Өткен оқу жылы , яғни 2022 жылдың ақпан айынан бастау алған аталмыш байқауға республика бойынша 400 команда қатысып, оның  ішінен  40 команда іріктеуден өтті.   SAMSUNG  компаниясының  демеушілігімен іріктеуден өткен қатысушылар Алматы қаласында өткен сессияға қатысып, осы сессияда "Қоқыс сұрыптаушы робот - ВАЛИБЕК" тақырыбында   өз жобаларын қорғап келген оқушыларымыз келесі кезеңде, яғни 2022 жылдың 26-28 қыркүйегі аралыныда өтетін финалға жолдама алып, бақ сынағалы отыр. Бұл жоба ерекшелігі оқушыларға қоршаған ортаның ластанбауына ықпал ету, Вали роботқа пластикалық 5 қоқыс салсаңыз, сыйлық береді.  Қызылорда облысы бойынша республикалық байқау кезеңдерінен сүрінбей өтіп келген жалғыз команда Сырдария ауданы N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейі қыздарынан құралған "FIRST_LADY" командасына  СӘТТІЛІК тілейміз!!!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив