17
март
2022
📚📖"Оқуға құштар мектеп"📖📚
Адамға рухани әсер ететін ерекше күштің иесі – «кітап» деп аталатын оқу құралы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды тартуда «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды. Аталған жоба аясында мектеп-лицейімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ерғалиеваның ұйымдастыруымен «Бабалар үні» акциясы бастау алды. Бұл акцияның мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлықтарын арттыру, эпостық жырларға деген қызығушылықтарын ояту, жыр жаттауға баулу, есте сақтау қабілеттерінің артуына ықпал ету.
Акцияға 2-7 сынып оқушылары қатысып, алғашқы кезең бойынша жеңімпаздар марапатталды. Акция жыл бойы жалғасын табады.





