15
июнь
2023
ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ-ОРТАҚ МІНДЕТ
ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ-ОРТАҚ МІНДЕТ.
Жасөспірімдердің тәрбие мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың, мектептің қадағалауын талап етеді. Себебі, жас баланың саналы азамат болып қалыптасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көрген өнегелері ерекше орын алады. Сондықтан да әрбір жасөспірімнің тәрбиесі мен келешегі мұғалімдер қауымын қатты алаңдатады.
12 сәуір күні №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейі мұғалімдерінің кезекшілік тобы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүрген балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кезекті рейдке шықты.

