20
июнь
2023
МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!
МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!
Мен Ержан Бибарыс N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 5 "А" сынып оқушысымын.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай атам Альжанов Сәбит жайлы айтқым келеді.
Атам 1937 жылы қазіргі А.Тоқмағанбетов ауылында дүниеге келген. Әкесі соғысқа аттанғанда анасының жанында тылда еңбек етіп, тыл ардагері атағын алды. Соғыс жылдарындағы қиындыққа қарамастан атам мектепті өте жақсыға аяқтап, әскерден кейін Алматы қаласында ІІМ жоғарғы мектебінде білім алады. 1964 жылы лейтенант шені беріліп, елге кеп Қызылорда қаласында ОБХС қызметкері боп жұмыс атқарады. 1975 жылы капитан шенін алып, БХС аға инспектор қызметін атқарады. 1977 жылы майор және 1980 жылы подполковник шені беріледі, 1982 жылы Сырдария ауданының ІІБ - орынбасарына тағайындалып, 1984 жылы осы сала бойынша зейнетке шықты. Мен атамның еліміздің тыныштығын күзетіп, халқы үшін жасаған еңбегін мақтан тұтамын.Менің атам- менің қаһарманым!
