«Балапан жұлдыздары» » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
отдела образования Кербулакского района
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Версия для
слабовидящих
» » «Балапан жұлдыздары»
20
июнь
2023

«Балапан жұлдыздары»

N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейі жанынан құрылған «Балапан» шағын орталығында «Балапан жұлдыздары» атты мерекелік есеп беру концерті өткізілді. Концертте шағын орталықтың ересек «Балапан» тобы мен ортаңғы «Нұрсәби» тобының бүлдіршіндері ән айтып, би билеп, керемет өнер көрсетті. 
Мерекелік концертте мектеп-лицейдің директоры Жанар Шәріпқызы сөз сөйлеп, балапандардың шығармашылығына сәттілік тіледі. 
Музыка жетекшісі И.Қодарова балғындардың өнер көрсетуіне сүйемелдеу жасаса, үстеріндегі әдемі киімдерін арнайы өзі тігіп, осы мерекелік концертке ерекше ықыласпен дайындалғанын «Балапан» шағын орталығының әдіскері А.Берденова атап өтті.
Бүлдіршіндердің өнерін ата-аналары тамашалап, тәрбиешілеріне деген өз алғыстарын жеткізді.Шағын орталықтың ұжымына еңбектерінің жемісті болуына орталық тәрбиеленушісі Әлинұрдың әжесі Сәуле Ерімбетова ризашылығын білдірді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив