HACKATHON: ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТКЕН ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ "Smart city Kyzylorda - 2022"📲💻📡🌐 » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » HACKATHON: ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТКЕН ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ "Smart city Kyzylorda - 2022"📲💻📡🌐
24
октябрь
2022

HACKATHON: ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТКЕН ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ "Smart city Kyzylorda - 2022"📲💻📡🌐

Республика күніне орай Қызылорда өңірінде жастардың өз Start-Up жобаларын ұсынатын Smart City Kyzylorda Hackathon байқауы өтті.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен өткізілген идеялар байқауына 
Astana Hub халықаралық технопаркі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ұйытқы болды. 
Байқауға қатысқан жастар «Әзірлеу», «Медиа&Білім», «Модельдеу бағытында түрлі сайт, мобильді қосымша, бот және ойындар, роботехника және анимациялар мен медиа өнімдерін ұсынды. 
Байқауға ниет білдірген 270 қатысушының арасында ІТ үйірмелерге қатысатын оқушылар, колледж, жоғары оқу студенттері мен мұғалімдер бар. 
100-ге жуық жобаны қорғаған жастар ІТ шешім арқылы көптеген проблемалардың алдын алуға болатынын жеткізді. 
Байқауда үздік жобаларымен алға шыққан жастарды облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов пен Қорқыт ата университетінің проректоры Жандос Базартай мырзаларымыздың  қолынан мектеп-лицейіміздің  7"Б" сынып оқушысы ЖҰМАТАЙ КӘУСӘР жүлделі ІІІ  орынға ие болып, 30000 теңге Сертификатымен марапатталды. Дарынды оқушыларымыздың бірі Кәусәр информатика пәні мұғалімі Кушерова Айгүл Маратбекқызының жетекшілігімен осы байқауға қатысты. Айгүл Маратбекқызы  мен оқушымыз Кәусәрді құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болғай!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив