22
октябрь
2022
«Балапан» шағын орталығында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделі» тақырыбында семинар
Сырдария аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 21 қазан күні №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей жанындағы «Балапан» шағын орталығында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделі» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мамандарының аудандық семинар өткізілді. Семинарды Сырдария аудандық білім бөлімінің әдіскері Орумбаева Жанат Жадигеровна мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие мен оқыту сапасын арттыру аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Семинарға аудандық бiлiм бөлiмі әдiскері, мектепке дейiнгi ұйымдардың меңгерушiлерi, әдiскерлерi мен педагогтері қатысты.
Семинар бағдарламасына сәйкес:
1. Ересек «Балапан» тобында «Күзгі еңбек» тақырыбында Б. Скендирова ұйымдастырылған іс-әрекет
2. Ортаңғы «Нұрсәби» тобы тәрбиешісі Ж.Жарылқасынова «Үй жануарлары» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетті.
3. Педагог-логопед С.Аймбетова «Белсенді және енжар сөздік қорын ойын арқылы дамыту» ,
4. Дефектолог Қ.Нұрзылда «Дене мүшелері» тақырыбында түзету жұмысы
5. Психолог Ә.Тулегенова «Көңілді жемістер» ертегі терапиясы
6. Тәрбиеші Г.Құлымбетова «Ұлы дала ойындары» авторлық бағдарлама
7. Тәрбиеші Д.Қошқұлова «Отбасы және балабақша ынтымақтастығы» ата-аналармен жұмыс
8. Музыка жетекшісі «Қырманға саяхат» музыкалық қойылым
9. Әдіскер Ә.Берденова «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделі»
Семинар бағдарламасына сәйкес жүргізілген жұмыстарда креативті идеялар жүзеге асырылып, әр тәрбиеленушімен, отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнатылды. Ата-аналармен жұмыстың жаңа форматтары енгізілді. Баланы әрекетке ынталандыратын заттық-кеңістіктік дамытушы орта заманауи үлгіде жабдықталды.
Семинар отырысы аясында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, семинар отырысын аудандық білім бөлімі әдіскері Орумбаева Жанат Жадигеровна қорытындылап, семинар барысында жұмыс көрсеткен мамандар білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1479680975870290/892043955112225https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1479680975870290/413468960987655
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1479680975870290/1212179322741563
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1479680975870290/1227314104504151



