07
июнь
2022
⭐Дарынды балалармен жұмыс жасау - уақыт талабы⭐
"Балалар жылы" аясында жас ұрпақтың өнерін қолдау мақсатында мектеп-лицейіміздің аудандық, облыстық сурет байқауларының жеңімпазы 8"б" сыныбының оқушысы Сабыржанқызы Мерекенің шығармашылығынан көрме ұйымдастылып, мектеп-лицей директоры Уміт Қонысбайқызы құттықтап, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Гүлмира Серікбайқызы сый-сияпат жасап, марапаттады.
Оқушымыздың талабы таудай болсын,өнері өрге жүзсін, қылқаламы ұштала берсін!!!
Бұл көрме – кішкентай суретшіміздің ең алғашқы көрмесі, шығармашылықтағы бірінші баспалдағы. Болашақта балаларымыз жеке көрмесін әлемнің түкпір-түкпірінде өткізетіндей деңгейге жетсін деп тілейміз!
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1381352195703169/437961594378808



