📚📖"Оқуға құштар мектеп"📖📚 "БАБАЛАР ҮНІ" акциясы » №36 орта мектебі
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚📖"Оқуға құштар мектеп"📖📚 "БАБАЛАР ҮНІ" акциясы
19
май
2022

📚📖"Оқуға құштар мектеп"📖📚 "БАБАЛАР ҮНІ" акциясы

        Адамға рухани әсер ететін ерекше күштің иесі – «кітап» деп аталатын оқу құралы. 
       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын.  Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды тартуда «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды.  Аталған жоба аясында мектеп-лицейімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Г.Ерғалиеваның ұйымдастыруымен  «Бабалар үні» акциясының қорытынды кезеңі өтті. Бұл акцияның мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлықтарын арттыру, эпостық жырларға деген  қызығушылықтарын ояту, жыр жаттауға баулу, есте сақтау қабілеттерінің артуына ықпал ету. 
        Бұл акцияның екінші кезеңіне 16 оқушы жолдама алып қатысып, қорытынды  кезең жеңімпаздары сыйлықтар мен дипломмен марапатталды.
        Оқушыларымыздың жеңістері жалғасын таба берсін!
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1368030717035317/750758899690809
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив