Ақпарат » Страница 3 » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Көңілді жаз-2023»
20
июнь
2023
«Көңілді жаз-2023»
Жазғы демалыс уақыты жыл бойына оқушының ең көп демалатын мерзімі, бос уақыты көп болады. Жазғы демалыс уақытында баланың жыл бойындағы сабақ оқуынан шаршап қалғандығы білінеді, ол тынығып, күш жинап, денсаулығын нығайтып, шығармашылық жұмыс жасау қабілетін арттырады. Бұл шараларды балалардың күндіз келіп демалатын жазғы сауықтыру лагері іске асырады.№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп – лицейінің жанынан құрылған «Айгөлек» жазғы күндізгі тынығу лагерінің «Көңілді жаз-2023» атты ашылуы тынығушылар
"Менің Отаным - Қазақстан!"
20
июнь
2023
"Менің Отаным - Қазақстан!"
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтудің іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп жанынан құрылған "Айгөлек" лагерінің тынығушылары "Менің Отаным - Қазақстан!" тақырыбында асфальтта сурет салды.  
ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНУДА.
20
июнь
2023
ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНУДА.
ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНУДА. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс  әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен  балаларымыздың мектепке  келу және үйлеріне қайту үшін қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында 40 орынға шақталған жаңа автобустың кілтін алдық. Мектеп автобусының техникалық сипаттамалары барлық талаптарға сай, қауіпсіздік белдіктері, апатты жағдай туындағандағы шығу жолы, жылдамдық шектегіші мен сәйкестендіру белдіктері бар.  Жаңа автобус жаңа
“Рақмет саған, бастауыш”
20
июнь
2023
“Рақмет саған, бастауыш”
Білімнің сара жолы бастауышта басталатыны, алған білімнің негіз болып қалатыныны cөзсіз.  2023 жылдың 25 -26 мамыр күндері мектеп-лицейіміздің 4-сыныптарында  “Рақмет саған, бастауыш” атты бастауышпен қоштасу ертеңгіліктері өткізілді. Оқушылар білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын білдіре отырып, өз өнерлерін ортаға салды. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, төрт жыл бойы үйренген өнер-білімдерін көрсетті. Ата-аналар тарапынан ұстаздарына
“Тосын сый”
20
июнь
2023
“Тосын сый”
N36 Ә. Тәжібаев атындағы мектеп - лицейінің ұстаздары арнайы мамандардың , мектеп кәсіподағының  қолдауымен  1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні аясында үйден оқитын оқушыларға  “Тосын сый” құттықтау шарасын ұйымдастырды.  Барлық үйден оқитын оқушыларға мерекелік күн қарсаңында бала көңіліне тосыннан керемет көңіл-күй сыйлау мақсатында,тәттілер таратылып, арнайы сыйлықтармен бірге  қуаныш сыйладық. Бала - өмірдің ажары. Әр шаңырактың шаттығы бүлдіршіндер мерекесі құтты болсын!  
МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІМІЗДІҢ 53 ТҮЛЕГІ АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМЕН  ҚОШТАСТЫ.
20
июнь
2023
МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІМІЗДІҢ 53 ТҮЛЕГІ АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМЕН ҚОШТАСТЫ.
МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІМІЗДІҢ 53 ТҮЛЕГІ АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМЕН  ҚОШТАСТЫ. Бүгін N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы болып өтті. Салтанатты жиынға аудан  әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы , аудандық білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Сьездұлы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, бітіруші түлектерімізге  ақ жол тілеп, ізгі тілегін білдірді. Мерекелік іс-шара оқушылардың әнімен жалғасын тауып, қоштасу вальсін билеп, үлкен өмірге
“Белая ладья”
20
июнь
2023
“Белая ладья”
2023 жылдың 30 мамыр күні N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде “Белая ладья” үйірмесінің жетекшісі Айтбаев Габит Садуовичтің ұйымдастыруымен 1 мамыр Халықаралық балалар күні мерекесіне орай 5-7 сынып оқушылары арасында шахматтан сайыс өткізілді. Мақсаты: шахматқа деген қызығушылығын ояту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Жеңімпаз оқушылар дипломдармен марапатталды.  
“Біз мектепке барамыз”
20
июнь
2023
“Біз мектепке барамыз”
“Балапан” шағын орталығы ересек “Балапан” тобының “Біз мектепке барамыз” атты балабақшамен қоштасу күні керемет өтті. Мерекелік іс шарада ата-ана төрайымын, көмекшілерін және белсенді ата-аналарға шағын орталық ұжымы алғысын білдірді. Биыл 16 түлегіміз мектепке барады. Қаншама жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұлда үлкен той, тойларыңыз құтты болсын деп мерекелік іс шараны шағын орталық әдіскері А.Берденова
“Менің балаларым-менің бақытым”
20
июнь
2023
“Менің балаларым-менің бақытым”
N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейі кітапханасында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Менің балаларым-менің бақытым” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қазақ халық ертегілері, балалар әдебиеті, әлем балалар әдебиеті, балалар энциклопедиясы қойылды. Балалар кітап көрмесімен танысып, өлеңдер оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.  
"Нәтиже сабақ", "Мен не үйрендім?", "Қайталау"
20
июнь
2023
"Нәтиже сабақ", "Мен не үйрендім?", "Қайталау"
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде оқу жылының соңғы күндеріндегі сабақтар кестеге сай жүргізілуде. Пән мұғалімдері жоспар бойынша "Нәтиже сабақ", "Мен не үйрендім?", "Қайталау" сабақтары  топтық жұмыстар,  деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ойы жинақталып, бір-бірлерін тыңдау арқылы жаңа ой қалыптасып, жыл бойы алған білімдерін пысықтауда.