05
August
2022
Жаңа оқу жылының Тамыз конференциясы басталды
Бүгін, 2022 жылдың 5 тамызы күні N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің педагогтар қауымы Тамыз конференциясы аясында "Инклюзивті практиканы дамыту контексінде барлық білім алушылар үшін жайлы білім беру ортасын құру" тақырыбындағы панельдік секция жұмысына онлайн форматта қатысты. Секция жұмысы барысында оқушылардың жайлы білім алуы үшін мектептің жаңа оқу жылына дайындығы, оған жаңаша көзқараспен қарау мәселелері талқыланды.





