10
March
2022
📖"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"📖
Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұраMayтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінеміз.
The presidentіміз: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деген болатын.
Осыған орай, мектеп-лицейімізде ұстаздар қауымы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында тәрбие жоспарына сәйкес қазақ тілі пәні мұғалімі А.Серікбаеваның бастауымен
ағылшын тілі бірлестігі ұстаздары Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" романын оқып, көркем әдебиетті оқуға құштарлығын танытып, өздерінің ойларын ортаға салып керемет кездесу ұйымдастырылды.
Қаламы жүрдек, ойы зерек, есте сақтау қабілеті де өте жоғары, жүрегі таза, сезімі терең автордың осы кітабын оқуға мүмкіндік болғаны қандай тамаша! Сол кездегі ұрпақтың өмірін көз алдыңа әкеліп, көзіңе жас үйіретін, әр оқиғасында кейіпкермен қоса қуанатын, бірге қайғыратын кhouseкештіретін шынайы , көркем шығарма екен. Ең бастысы: бұл шығарма - автордың, Барысханның аяулы анасы - Айшаға жүрегімен, бүкіл жан-дүниесімен тұрғызған керемет ескерткіші. Ал аспандағы Ай екеуінің ажырамас сырласы, өмірінің куәгері болғандағы шағына бір саяхат болды десек те болады.


