07
December
2022
"Ғибрат сағаты"
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 6"а" сыныбының сынып жетекшісі Арысбаева Динараның ұйымдастыруымен "Ғибрат сағаты" А.Байтұрсыновтың ғибратты өміріне арналған тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынов туралы кеңінен таныстыру. Ғибратты өмірі мен еңбек жолын әңгімелеу, үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету. Балалар өлеңдері мен нақыл сөздерін жатқа айтып ортаға салды. Мысал өлеңдері мен ертегілерін бейнетаспадан көріп өздеріне қандай ой түйгендерін бір-бірімен бөлісті.


