02
December
2022
«Көңілді старт» тақырыбында 6 сынып оқушылары арасында спорттық шара өтті.
Ү.ж. 1желтоқсан күні 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай Сырдария аудандық ауруханасының Жастар денсаулық орталығының мамандары және N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің педагог-психологтары, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Көңілді старт» тақырыбында 6 сынып оқушылары арасында спорттық шара өтті. Сабитов Е.С. жүргізушілік жасап, Айтбаев Ғ.С. төреші болды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларға адам денсаулығының маңыздылығын, өмір сүру үшін денсаулықтың қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Жеті бөлімнен тұратын спорттық шараға әр қайсысы 8 адамнан құралған 3 команда жарысқа түсіп, бақ сынасты.
12 ұпаймен 6 «в» сыныбының «Дружба» командасы 3 орынмен, 13 ұпаймен 6 «г» сыныбының «GGG» командасы 2 орынмен және оза шауып, топ жарған 6 «б» сыныбының «VictoRia» командасы 1 орынмен марапатталды.
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1510292149475839/1519862985124872