ЖАЙДАРМАН | ШИРЕК ФИНАЛ » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
Education Department of Kerbulak district
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Reception room:
+7(72436) 21-7-49
Version for
visually impaired
» » ЖАЙДАРМАН | ШИРЕК ФИНАЛ
20
June
2023

ЖАЙДАРМАН | ШИРЕК ФИНАЛ

ЖАЙДАРМАН  |  ШИРЕК ФИНАЛ 
🔶20 мамыр күні Кент мәдениет үйінде Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен "Мирас" жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жайдарман сайысының  ширек финалдық кезеңі өткізілді.
🔶Шараның негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдердің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, жеке тұлға ретінде қалыптасып, өз ойын анық, әрі нақты жеткізуге, ортада өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
🔶Аудандық жайдарман сайысына Н.Ілиясов,Аманкелді, Қалжан ахун,С.Сейфуллин,Шаған,Бесарық ауылдары мен Кент орталығынан 35,36,131,210 мектеп лицей құрама командалары қатысып, өзара ұпай үшін таласты.
🔶Аталған сайыста облыстық жайдарман филиалының атқарушы директоры - Руслан Байбуланов, Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің әдіскері -  Ахметова Айгүл, "Тіршілік тынысы" газетінің тілшісі - Ордабеков Балтабай, Сырдария аудандық мәдениет үйінің режиссері - Қадырбай Бексұлтан қазылық етті.
    🔶Жайдарман сайысында мектебіміздің атынан қатысқан “36 жұлдыздары” командасы жартылай финалға жолдама иеленді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив